"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Әлеуметтік маңызы бар сиыр еті бағасының динамикасы

19 позициядан тұратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне сиыр еті, атап айтқанда оның жауырын-төс бөлігі кіреді. Бұл өнім әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арасындағы баға динамикасына үлкен әсер етеді. Жалпы ет бағасының индексі ағымдағы жылдың басынан бастап 25%, жауырын-төс бөлігіне – 23,6% құрады.

Бұл тауар тұтыну себетінде болғандықтан және аталған тауар бағасының өсуі сатып алушылар үшін айқын, жоғарыда аталған өнімнің бағасы уәкілетті органдардың бақылауында.

Орал қаласында сату бойынша сауда объектілері мен базарлардың мониторингі келесі бағаларды көрсетті:

  • «Мирлан» орталық нарығында сүйегі бар еттің бағасы ет сапасы мен ұшаның бір бөлігіне байланысты 2800-3000 теңгеден басталады.

  • Нарықтағы ӘМАТ тізбесіне кіретін жауырын-қалақша бөлігін орта есеппен 3000-3300 теңгеден сатып алуға болады.

  • Сиыр етінің ең жоғары бағасы – 4200-ден 4500 теңгеге дейін. «Ел ырысы» базары сатушылары да осындай бағамен ұсынады.

Сауда желілеріндегі ет өнімдеріне шолу сиыр етінің жауырын-төс бөлігінің ұқсас бағаларын көрсетті. Мысалы:

  • «Пешехтд» гипермаркетінде «төс еті» мен «жауырын» – 3250 теңге.

  • «Дина» гипермаркетінде – 3395 теңге.

Қаланың сауда орындарында сиыр етінен басқа, тұрғындар өз сұранысы мен ұсынысына байланысты қой және жылқы етін сатып ала алады.

Республикада сиыр етіне бағаның өсуін тежеу үшін малды тірі күйінде әкетуге тыйым салынды, сондай-ақ жыл соңына дейін сиыр экспорттауға квоталар белгілеу туралы шешім қабылданды (тек ет өңдеу объектілері үшін рұқсат етіледі).

Please publish modules in offcanvas position.