«КарачаганакПетролиумОперейтинг Б.В.», Қазақстан филиалы
090300 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы,
Қазақстан Республикасы,
тел: +44 208 8288 262; ТМД: +7 71133 62262
факс: +44 208 8288 620; ТМД: +7 71133 62620
www.kpo.kz
Қарашығанақ ауданы 280 шаршы шақырымнан асады, ал мұнай, газ және конденсаттың бастапқы баланстық қоры 9 миллиард баррель конденсат пен 48 триллион текше фут газды құрайды, есептелген жалпы Қор 2,4 миллиард баррель конденсат пен 16 триллион текше фут газ. Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге қол қойылған сәттен бастап серіктес компаниялар Қарашығанақ кен орнын игеруге және Қарашығанақ жобасын іске асыру барысында барынша тұрақты экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін озық өнеркәсіптік технологияларды енгізуге 22 миллиардтан астам АҚШ долларын инвестициялады. Бұл технологиялар өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде қазақстандық және халықаралық нормативтік талаптарға толық сәйкес келеді.