"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Жаңалықтар

?Бүгін “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары А.Семгалиева Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және “Coffee Matters” кофейнясы ұйымдастыруымен өткен кездесуге қатысты. Бизнес таңғы ас форматындағы іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары М.Қаженов, С.Идиятов, басқарма өкілдері, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры басшысы, БҚО аумағында қызмет атқаратын банк филиалдары басшылары мен өкілдері қатысты. ?Кездесу барысында қатысушылар қаламыздағы беделді бизнес нысандардың бірі “Виктория” қонақ үйі және “Coffee Matters” кофейнясы жұмысымен танысты. Сонымен қатар өңірде кәсіпкерлікті, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамыту жолдары, туризм саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлік саласындағы жобалар мен бағдарламаларды дамыту жолдары алдағы уақытта партиялық алаңда да қарастырылатын болады.

Please publish modules in offcanvas position.