16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының басты мемлекеттік мерекесі, Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылындағы «Янтарь» мини-маркеті мерекенің маңыздылығын көрсету, патриоттық сезімді ояту және насихаттау мақсатында өз мини-маркетін ұлттық нақышта әшекейлеп, аудан және қала тұрғындарын қуантты.
Құрметті облыс және қала кәсіпкерлері, ұлттық мейрамды кеңінен насихаттау мақсатында өз кәсіпкерлік нысандарыңызды мерекелік безендіруге шақырамыз.