Құрметті энергетика саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы атынан кәсіби мерекелеріңіз — Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Энергетика саласы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тірегі болып табылады. Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында халық пен өндіріс орындары тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз етіліп келеді. Салада заманауи технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды дамыту жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Қажырлы еңбектеріңіз бен сала дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, тұрақтылық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!
Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
Өтепбаев Нуржан Сапаргелдіұлы