2025 жылғы 25 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары Т. Каюповтың төрағалығымен Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі екі жоба қаралып, қолдау көрсетілді:
-
Көлік-логистикалық орталығын құру (қонақ үй, кемпинг, тұрақ, жөндеу цехы, жемістер мен көкөністер сақтайтын қойма);
-
Орал қаласында жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенін салу және пайдалану.