"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Ішкі нарықты қорғау жөніндегі ахуалдық штаб отырысы

2025 жылғы 25 желтоқсанда облыс әкімдігінің «Астана» залында облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Ерсайұлы Каюповтың төрағалығымен ішкі нарықты қорғау мәселелері жөніндегі ахуалдық штабтың отырысы өтті.

Отырыс барысында Ветеринариялық бақылау инспекциясының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің өкілдері мемлекеттік кірістер, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау органдарының ішкі нарықты қорғау бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Атап айтқанда, сүт, құс еті, жұмыртқа өнімдері бойынша күшейтілген тексеру, шектеу шаралары, өнімді қайтару және сатуға тыйым салу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы «сұр» сертификаттармен күрес шаралары талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Тлепберген Ерсайұлы проблемалық мәселелерді өзектендіруді және оларды шешу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Please publish modules in offcanvas position.