Осы жылдың 21 қарашасында CHINA GAS қытай компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Өтепбаев Н.С., сондай-ақ «СПК «Ақжайық» АҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ЖЭО-ны жаңғырту перспективалары және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Келіссөздер құрылымды форматта өтіп, өңірдің энергетика секторын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.