Батыс Қазақстан облысында инвестициялық штаб отырысы өтті: басымдық - инвестициялар тарту.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімі Төреғалиев Нариман Төреғалиұлының төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті. Инвестиция тарту ахуалы және ірі жобалар туралы БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Өтепбаев Нұржан Сапаркелдіұлы баяндады. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдері мен басқарма басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы мәлімет берді. Отырыс қорытындысында облыс әкімі инвесторларды тарту - өңір экономикасын дамытудың басты міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, орынбасарларына, салалық басқармаларға және Орал қаласы мен аудан әкімдеріне нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысты күшейтіп, аталған жобалардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.