"Ақжайық" тұрғын үй кешені
Жасампаздыққа инвестиция сал
СІЗДІҢ БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗГЕ
АРНАЛҒАН ОРЫН

Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық Форумы

БҚО Кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н. Өтепбаев “24 KZ” республикалық телеарнасында тікелей эфирде сөз сөйлеп, онда Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізу мақсаттары туралы сұхбат берді. Н. Өтепбаев 2025 жылғы форумның негізгі тақырыбы “жұмысшы мамандықтар – экономика өсімінің драйвері”болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан өңірлері мен Ресейдің шекаралас облыстары арасындағы форум шеңберінде қол қойылған келісімдер сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, мәдени және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Форумда ғылым мен білім саласындағы әріптестікті дамытуға, экономиканың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін білікті кадрларды даярлауға ерекше назар аударылды.
Өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде жасанды интеллектті дамыту, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы жастардың тәжірибесімен алмасу, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
Форум Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, бар кедергілерді жоюға және өнеркәсіп пен жаңа технологиялар саласындағы жаңа жобаларды іске қосуға ықпал ететін болады.

Please publish modules in offcanvas position.