БҚО делегациясы Қытайдағы медициналық орталықтың жұмысымен танысты
Қытай Халық Республикасының Шаньдун провинциясының орталығы – Вэйфан қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің жетекшілігімен өңір делегациясының сапары өтуде.
Сапар барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Утешев заманауи чекап орталығының жұмысымен танысты.
Чекап орталығы – ағзаны толық әрі кешенді тексеруге арналған заманауи диагностикалық орталық. Мұндай тәжірибе өңір тұрғындарына сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуді дамытуға мүмкіндік береді.
