Олжас Бектенов өнеркәсіптің және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын, Батыс Қазақстанда өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын тексерді Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында индустриялық және әлеуметтік бірқатар инфрақұрылым нысанын аралады. Орал қаласында QazExpoCentre-Pipe және «Кублей» отандық кәсіпорындарын аралау барысында Премьер-министр өңірде инвестиция тарту, АӨК-те қайта өңдеуді кеңейту, сондай-ақ Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында атап көрсеткен міндеттер шеңберінде өндіріске цифрлық технологиялар енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, биылғы 9 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,7%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде 20,8%-дық жоғары серпінге қол жеткізілді. QazExpoCentre-Pipe алаңында Премьер-министр мұнай-газ саласына арналған сорғы-компрессорлық, қаптама және жіксіз құбырлар шығарудың технологиялық процесімен танысты. Кәсіпорынның жылдық қуаты – 40 мың тонна құбыр. Оның өнімдері еліміздің, жақын және алыс шетелдердің мұнай өндіруші және сервистік компаниялары арасында сұранысқа ие. Өндірісті цифрландыру аясында өнімдерге QR кодтарын қолдану жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта құбырларды радиожиілік арқылы сәйкестендіру технологиялары, сондай-ақ жаһандық бақылау жүйесіне интеграциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар өндірушінің мұнай мен газ өндірудің күрделі жағдайында жоғары герметикалық және технологиялық тиімділігін қамтамасыз ететін төл әзірлемелері бар. Сондай-ақ мұнда Премьер-министрге өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша БҚО-ға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $1,1 млрд-ты құраған. Аталған көрсеткіш бойынша өңір ел ішінде Алматы мен Астанадан кейін 3-ші орында тұр. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев алдағы бес жылда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жаңа 73 инвестициялық жобаны іске қосу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
Images not found, please check your gallery source.