Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Орал қаласында облыс әкімінің орынбасары Мүлқай Мирас Рүстемұлының қатысуымен Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Исақұлов Рақымжан Ержанұлының облыс тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану, қорғаныс өнеркәсібі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар мен бизнес өкілдері «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ны жекешелендіру, модульдік жүйелерді автоматтандыру бойынша жаңа жобаларды енгізу, сондай-ақ Ресей Федерациясымен экспорт-импортты дамыту мәселелерін көтерді.
Вице-министр көтерілген мәселелер бойынша жан-жақты түсініктеме беріп, оларды шешу мақсатында нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.
Іс-шара соңында бизнес өкілдерінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды.