Құжаттарды қабылдау: Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы.
Пошталық мекен-жайы: 090000.
Электрондық пошта мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Толық ақпаратты: Орал қаласы, Хамида Чурина 116, 1-қабат, 108 каб.; немесе телефондары арқылы білуге болады: 50-64-36.
Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада №795 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін айқындау туралы» бекітілген қаулысына сәйкес облыс аумағындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бастамаларын жүзеге асыруға құжаттарын Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы қабылдайды.
Өтінім берілетін жер: Батыс-Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы.
Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 2022 жылдың 15 наурыз аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен). Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2022 жылдың 1 наурызы сағат 9.00-ден бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2022 жылдың 15 наурызы сағат 17.30-ға дейін (жергілікті уақыт).